Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Шымкентте бала сату туралы хабарландыру таратқандарды іздестіріп жатыр

Опубликовано:

Шымкентте тәртіп сақшылары Вконтакте желісіне бала сату туралы хабарландыру таратқан адамды іздестіріп жатыр. Автор хабарландыруды жүктегенннен кейін бірер минуттан соң оны өшіріп тастаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: vladtime.ru
Фото: vladtime.ru: UGC

Автордың жазбаны өшіріп тастағанына қарамастан, ол тіркеліп үлгерген. Бұл туралы Шымкент қаласының полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі таңда хабарландыруды жүктеген адамның кім екенін анықтап жатыр. Оқиғаның басқа мәліметтері тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайды.

Шымкенттегі әл-Фараби ауданының ішкі істер бөлімі орын алған жағдайға қатысты "Адам саудасы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758854-policia-symkentte-bala-satu-turaly-habarlandyru-taratkandardy-izdestirip-zatyr/

pixel