Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елді шулатқан "емші бала" Ерболсын қазір қайда жүр? (фото)

Опубликовано:

Халық арасында «аралдық емші», «үкілі бала», «емші бала Ерболсын», «жын кірген бала» деген лақап аттарымен танымал болған Ерболсын Серікбаев NUR.KZ порталының тілшісіне мешітке жиі баратынын айтып берді.

Жас емші өзінің мұсылман екенін және дінге көзқарасының түзу екенін жеткізді. Ол жұма намазын мешіттерге барып, жібермей оқиды екен.

"Арал ауданының Қосжар ауылында мешіт тұрғыздым. Ол мешітке қатысты кітап та шықты. Мешіттің жұмыс жасап тұрғанына бір жыл болды. Өзім мешітке жиі барамын. Қазір жұма намазын оқуға барып жүрмін. Жұма намазын бастағаныма бес жыл болды", - дейді Серікбаев.

11 жасында атағын шығарған аралқұмдық Ерболсынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген.

Оның «жұлдызды сәті» басылды деп айту қиын. Басындағы үкісін шешкенімен, қамшысын қолынан тастамайтын емшіні жан-жақтан іздеп келушілер әлі деп көп екен. Оған үлкендердің өзі именіп қарайды.

Емші бала биыл 15 жасқа толған. Ой тоқтатып, өмірлік жоспар құрып үлгенген ол өзі армандаған мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Ерболсын қазір Ақтөбедегі медициналық колледждің белсенді студенттерінің бірі. Сондай-ақ, ол қоғамдық шараларда ән айтып, би билеп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758462-eldi-sulatkan-emsi-bala-erbolsyn-kazir-kajda-zr-foto/

pixel