Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалқаман Сариннің бесінші баласы дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

Елімізге танымал ақын Қалқаман Сариннің бесінші баласы өмірге келді. Ақынға келіншегі тағы бір ханшайымды сыйға тартқан деп жазады NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасы арқылы бөлісті.

"Сүйінші! "Біздің үйге көктем келді. Қыз келді". Кемеңгер мен Алдиярым қарындасты болды. Алланың бергеніне сансыз шүкір", - деп жазды Қалқаман Сарин.

Желі қолданушылары ақынды кішкентай ханшайымымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

"Ұрпағыңызбен мың жасаңыз", "Тіл-көзден аман болсын", "Кішкентайдың бауы берік бослын".

"Бізге де жұғысты болсыншы", "Шын жүректен құттықтаймыз" десті оқырмандар.

Айта кетейік, Қалқаман Сарин Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген.

Ол бүгінде Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Бүгінде үш өлеңдер жинағы бар.

Ал ақын мен жары Айсұлу Сапарбекқызы үш қыз бен екі ұлдың ата-анасы атанды. Олардың Аянат, Інжу қыздарының қатарына жаңа ханшайым қосылды. Сондай-ақ Кемеңгер мен Алдияр есімді ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758219-kalkaman-sarinni-besinsi-balasy-dniege-keldi-foto/

pixel