KZ
Астанада жаңа әуежай салынады
Новости Финансы

Астанада жаңа әуежай салынады

Расказать Вконтакте

2030 жылға дейін Астана қаласын дамытудың аймақтық жоспарына сәйкес жаңа әуежай қаладан 30-35 шақырым қашықтықта салынады.

Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген "Астана қаласының Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты" МКК-ның қалалық көлік бөлімінің бастығы Айдар Рахым мәлім етті.Оның хабарлауынша, жаңа әуежай халықаралық талаптарға сай болмақ. "Осы талаптардың бірі - әуежайдың қаладан 30-35 шақырым шалғай жерде орналасуы.

Ол Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды мекенінде немесе Қарағанды тас жолында орналасқан Осакаровка елді мекенінде салынуы мүмкін.

Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істейтін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады", - дейді А.Рахым.Сондай-ақ жаңа теміржол вокзалдарының құрылысына тоқталған ол: "Жаңа жолаушылар вокзалы Ақжол және Мүсірепов көшелері маңайында салынса, одан бөлек жүк вокзалы өндірістік аймақта, жылу электр стансасының арғы жағында бой көтеретін болады", - деді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии