Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ КСР-індегі "секс-символдар": Көпті тамсандырған актрисалар кімдер?

Опубликовано:

Қазақ КСР-інде халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, атақ-даңқтары артқан актрисалар аз емес. Өткен ғасырдың "секс-символдарына" айналған өнер иелерінің көзі тірі болғанда қазір де қызыл кілемнің көркін қыздырар еді. Ендеше, жұртты тамсандырған қазақтың сұлулары туралы Comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

1. Гүлфайрус Исмаилова

Алғаш рет кәсіби суретші мен өнер қайраткері болған ол - есімі Бибігүл Төлегенова мен Айша Галимбетова сынды тұлғалармен қатар тұрған кеңес заманындағы қазақ әйелі.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC
Күлпаш Қонарбаева 1929 жылы беделді отбасында дүниеге келеді. XX ғасырдың отызыншы жылдары әкесі саясат құрбанына айналып, сотталып кеткен.

Қызын қоғам қысымынан құтқару үшін оның жанұясы құжаттарды ауыстыруды жөн көріпті.

Гүлфайрус есімін қыздың өзі таңдаса, тегін өгей әкесі беріпті.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Бойжеткен соң ол алғаш рет Горький атындағы киностудиядан "Адилет уходит в горы" фильміне түсуге шақырту алады. Дәл осы фильмнен соң бойжеткен атақты болып оянады. Тіпті, Сталиннің өзі Гульфайрустың сұлулығына таңданған екен.

Кейіннен Исмаилова көптеген сәтті картиналарда ойнаған. Әр фильмнен соң оның танымалдылығы артып та отырыпты.

Өз талантының арқасында ол болашақ жұбайы Евгений Сидоркинмен танысып, жалғыз ұлы Вадимді босанады.

2. Әмина Өмірзақова

Аты аңызға айналған тұлға өзінің салқынқанды сұлулығымен көптің көңілінен шыққан. Алайда оның табысты кезеңі ана рөлін сомдаған сәттен басталыпты. Сәтті шыққан ананың образы оны барша халықтың сүйіктісіне айналдырған.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Әмина ауылда колхозшының отбасында дүниеге келеді. Оның сәби кезінде әкесі қайтыс болып, барлық жуапкершілікті үлкен ағасы Қаптағай өз мойнына алған.

Олардың Алматыға қоныс аударуы Әминаның талантын ашуына көмектеседі.

Ол Ленинградтағы театр институтын аяқтаған соң Қазақстанның түрлі қалаларындағы театрларда жұмыс істеген.

Артынша Әмина "Қазақфильм" киностудиясына монтаждаушы болып жұмысқа кіреді.

Сол жақта көзге түскен актриса "Песнь Абая" фильмінде қыздың анасының рөлін ойнайды.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Содан соң қазақ киносының алтын қорында сақталған "Тақиялы періште" фильмі мен басқа картиналар да оған абырой әкеледі.

Өмірзақованың жеке өмірі сәтті болған. Ол Камаси Өмірзақовқа тұрмысқа шығып, үш бала дүниеге әкелген.

3. Меруерт Өтекешова

Меруерт Өтекешова көпке "Қыз жібек" фильміндегі рөлімен таныс.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Бойжеткен мектеп бітіре салып киноға түсу туралы ұсынысты алған.

Ал аталған картинадағы рөлінен кейін Өтекешова Әуезов театрына кетіп, эпизодтық рөлдерді ойнап жүрген.

Сұлулығына сөз жетпес ару болса да Меруерт Өтекекшова тек бір фильммен ғана танылып қала берді.

Ол "Қыз Жібек" фильмінде басты рөлді сомдаған Құман Тастанбековке тұрмысқа шығып, одан екі қыз бен бір ұл сүйген.

4. Раиса Мұхамедьярова

50-ші жылдың соңында мектеп бітірген Раиса "Песня зовет" фильмінен соң ойда-жоқта танымал болып кетті. Оны жас кезінде Джина Лоллобриджида деп атаған.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Өзінің актерлік қабілетіне қарамастан, ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын "ағылшын тілі пәні мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Раисаның өмірлік махаббаты Ғабит Мүсірепов болған. Олар кездескенде Раисаның жасы 23-те, Ғабит Мүсірепов 60 жаста болған екен.

Раиса одан екі қыз босанып, артынша театрға қайта жұмыс істемек болыпты. Осы кезде жұбайлардың арасында ұрыс басталған.

Олар ажырасып кетсе де, өлерінің алдында Мүсірепов Раисаны шақыртып, көріп кетіпті.

5. Наталья Орынбасарова

Наталья қазақ жігіті мен поляк қызынан туылған. Ол 1946 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

10 жасқа толғанда отбасымен Қазақстанға келген ару бірден би мектебіне барады. Жасы 19-ға келгенде ол Шыңғыс Айтматовтың романы бойынша түсірілетін "Первый учитель" фильміне түсуге шақырту алады.

Осы рөлі үшін де жас актриса түрлі марапатқа ие болады.

Наталья түскен фильмдер тізімінде 56 картина бар. Актриса үш рет тұрмысқа шыққан.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757670-kazak-ksr-indegi-seks-simvoldar-kpti-tamsandyrgan-aktrisalar-kimder/

pixel