Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Google Maps арқылы ер адам әйелінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қойды

Опубликовано:

Перу елінің Лима қаласының тұрғыны Google Maps арқылы әйелінің басқа ер адамды құшақтап отырғанын көріп, ажырасып кетті деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ladyelena.ru
Көрнекі фото:ladyelena.ru: UGC

Аталмыш қосымша арқылы ер адам орындықтардың бірінде әйелдің тізесіне басын қойып жатқан ер адамды байқайды. Көріністегі жұптың жүздері бұлыңғыр болып, анық көрінбесе де, ер адам келіншектің өз әйелі екенін киімдерінен танып қойған.

Сурет 2013 жылы "Күрсіну көпірі" деп аталатын қаланың көрнекі жерінің маңында түсірілген екен. Дәлелді көрсеткен кезде әйел кінәсін мойындаған.

Google Maps суреттері өте сирек жаңартылатындықтан, шындық 5 жылдан кейін ғана анықталып отыр.

CEN/GoogleMaps
Көрнекі фото:CEN/GoogleMaps: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757466-google-maps-arkyly-er-adam-jelini-kzine-sp-salyp-zrgenin-bilip-kojdy/

pixel