Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіттің қарындасы сексуалды образдарына ағасы рұқсат бергенін жайып салды

Опубликовано:

Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар өз образын өзгертіп, желідегі парақшасына сексуалды суреттерін салғалы бері оқырманның сынына көз ашпай келеді. Блогер жартылай жалаңаш денесін көрсету үшін ағасы Бүркіттің рұқсатын алғанын ашып айтты деп хабарлайды "Хит-Тв" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желіде қазақ ақындарының өлеңін оқып танылған Әсел оқырмандарының "қаһарына" ұшырай жаздаған.

"Мұндай шу шығады деп ойламадым. Біраз уақыттан соң пікірлерді оқудан қалдым. "Ағаңыз бен әкеңіз қайда қарап отыр?" деген жазбалар жүрегімді ауыртты. Шынымды айтсам, желіге суреттерімді жүктемес бұрын, ағамнан сұраймын. Ол үнемі қай суретті салу керектігін айтады.

Менің ашық-шашық суреттерімді көргенде қуана қоймағаны анық. Бірақ олар менің саналы қыз екенімді жақсы біледі.

Оларды ешқашан ұятқа қалдырған емеспін. Болашақта осы сында әртүрлі образдағы суреттерді жиі жариялайтын боламын. Оған ешқандай кедергі жоқ", - деді Әсел Асқар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757376-brkitti-karyndasy-seksualdy-obrazdaryna-agasy-rksat-bergenin-zajyp-saldy/

pixel