Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлулық байқауларында топ жарған ресейлік қазақ қызы туралы не білеміз?

Опубликовано:

Ресейдегі этникалық қазақ Айым Исенғалиева "Мисс Қазақстан" байқауына қатысқысы келгенімен, ресейлік төлқұжаты үшін ол мүмкіндікке ие бола алмаған. Артынша ару дүниежүзілік сұлулық байқауларының директорымен танысып, өз тарихи отанын таныстыру мүмкіндігіне ие болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

Айымның жасы 23-те. Астрахань қаласында туған бойжеткен қазір Мәскеуде тұрып жатыр.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: UGC
"Мен Қазақстанмен, нақты айтқанда, Атыраумен, Каспий теңізі арқылы Ақтаумен шекаралас болып тұрған Астраханьда туылдым.

Онда түп тамырлы қазақтар көп. Оның бірі - менің жанұям. Мен сол қалада тұрған әулетіміздің жеті ұрпағын білемін.

Ал мұнда халық саны бойынша қазақтар орыстардан кейін екінші тұрады. Мектеп уақыттарында менің ата-анам қазақ тілі сабағын өткізген. Қазір байқамадым",- деді ол.
Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

Бойжеткен Астрахань сәулет-құрылыс университетін "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығын бітірген. Дегенмен ол өзіне сән жолын таңдаса керек.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: UGC
"15 жасымда мен өте арық және ұзын болдым. Кейіннен анам мені сән мектебіне апарды. Оқуымды аяқтаған соң қаладағы ең ірі агенттікпен келісімшартқа отырдым", - дейді ару.

"Көптеген аймақтық, ресейлік және халықаралық конкурстарға қатыстым. Барлық жерде өзімнің тарихи отаным Қазақстанның атынан шығамын. Қазір тек Ресейде емес, басқа жерлерде жұмыс істеймін.

Менің ең үлкен жетістігім United Colors of Benneton таныстыруым, сондай-ақ, 5-26 қазан күндері Мьянмада өткен "Miss Grand International" байқауына қатысқаным деп ойлаймын",- дейді Айым.
Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

Айымның жақын туыстары Қазақстанда тұрады. Ол өз ата-әжесінің үйіне келіп тұрады екен.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: UGC
"Алматыға алғаш рет бес жасымда бардым. Біз үш жарым күн жүріп бардық, Маған ол қала өте қатты ұнаған еді. Мен Қазақстанда жүргенде өз елім үшін мақтанамын",- деді бойжеткен.

Исенғалиева Қазақстанға келуге қарсы емес екенін де жеткізді.

Фото: tofo.me
Фото: tofo.me: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757373-slulyk-bajkaularynda-top-zargan-resejlik-kazak-kyzy-turaly-ne-bilemiz/

pixel