Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүзік көрсе өзін ұстай алмайтын азамат 35 мың евроның сақинасын жұтып қойды

Опубликовано:

Түркияның Мармарис қаласында Ирландиядан келген турист 35 мың евро тұратын жүзікті жұтып қойған деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: glavny.tv
Көрнекі фото: glavny.tv: UGC

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша ер адам дүкенге бір ғана сатушы жұмыс істеп жатқан кезде кірген. Ол жүзікті көрсетуін сұрап, сатушы теріс қарағанда әшекейді жұтып қойған.

Алғашқыда ер адам кінәсін мойындамаған, алайда бақылау камераларын тексергеннен кейін азаматты полиция тұтқындаған.

Ауруханадағы тексеріс нәтижесінен кейін жүзіктің ер адамның ішінде екені анықталды.

Полиция жүзіктің табиғи жолымен шыққанын күткен, дегенмен, Ирландия азаматына ота жасалып, жүзік иесіне қайтарылған.

Ер адам өзінің мұндай қылығын әйелінің өлімімен байланыстырып отыр. Себебі жол апатынан көз жұмып, көлігі көлге құлап кеткен екен. Ал жұбайының қолындағы гауһартасы бар неке жүзігі сол күйі табылмаған көрінеді.

"Зергерлік дүкендерден сондай жүзіктер көрсем болды, әйелім есіме түседі", - деген ирландиялық азамат сондай сәттерде әшекейді алғысы келіп, өзін ұстай алмай қалатынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757220-zzik-krse-zin-staj-almajtyn-azamat-35-my-evrony-sakinasyn-ztyp-kojdy/

pixel