Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кузнецов Қазақстанды тастап, Стамбулға кетіп қалған

Опубликовано:

2015 жылдың маусым айында абайсызда адам өлтіріп алғаны үшін қоныс-колониясына бір жарым жылға сотталған Александр Кузнецов Қазақстанды тастап Стамбулға көшіп кетті деп хабарлайды tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Александр Кузнецов. Фото: NUR.KZ
Александр Кузнецов. Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл жайында Бостандық аудандық ішкі істер бөлімшесінің тергеушісі мәлімдеген.

Сот шешімінен кейін іздеу шаралары басталған. Полицейлердің мәліметінше, Кузнецов өзінің тұрақты мекен-жайынан табылмапты.

Қазір оның көршілерінен сауал алынып, құжаттар толтырылған.

Нәтижесінде, Кузнецовтың 13 тамыз күні Стамбулға кеткені анықталды.

Айта кетейік, 2015 жылдың маусым айында Александр Кузнецов абайсызда Сырым Мұратқалиевты өлтіріп алғаны үшін қоныс-колониясына бір жарым жылға сотталған болатын.

Қазір Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының басшылығы Александр Кузнецовты іздестіру тізімін жариялау туралы өтінішпен сотқа жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757202-kuznecov-kazakstandy-tastap-stambulga-ketip-kalgan/

pixel