Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық министрлер қай елдің киімін киеді?

Опубликовано:

Еліміздегі министрлер отандық тауар өндірісінің дамуына қаншалықты жаны ашитынын білу үшін Еуразия арнасының тілшісі олардың үстіндегі киімі қай жақта тігілгеніне назар аударды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Елбасы 5 қазандағы кезекті жолдауында Отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту керектігін айтқан болатын. Ол тіпті, министрлерге қазақстандық брендтен киінуді қатаң тапсырып, импорттық тауарға жүгіретіндерді сынап тастаған.

Алайда министрлер кабинетінің мүшелері әлі де отандық тауарға бет бұра қоймапты. Олар Жолдауға қолауды енді білдіреміз деп уәде етті.

Президент сөзін екі етпей, Қазақстан тауар өндірушілерін қолдап жүрген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қана болып шықты. Ол Алматыда тігілген костюмінің тауарлық белгісін тілшілерге ұялмастан ашып көрсете алды.

Республикамыздағы премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев та импорттық киімдернен әлі бас тарта алмай жүр. Ол өзімізде тігілген брендтерді әлі көрмегенін жасырмады.

Айта кетейік, Назарбаев жолдауынан кейін мәлім болғандай, алдағы үш жылда еліміздегі өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты дамыту мақсатында қазынадан 500 миллиард теңге бөлінеді.

Дереккөз: Еуразия арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1757174-kazakstandyk-ministrler-kaj-eldi-kiimin-kiedi/

pixel