Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болгарияда 30 жастағы журналисті аяусыз өлтіріп кетті

Опубликовано:

Болгарияның Русе қаласында 30 жастағы журналисті аяусыз өлтіріп кетті. Виктория Маринованың басынан ауыр соққылар жұмсап, зорлап, тұншықтырған. Қазір оқыс оқиғаға Еуроодақ қорларының да назары ауып, журналисті өлтірушілер іздестіріліп жатыр деп хабарлайды medialeaks.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: medialeaks.ru
Фото: medialeaks.ru: UGC

Алайда полицейлер Викторияның өлімі мен қызметінің арасында ешқандай байланыс жоқ деп отыр.

Айта кетейік, 30 жастағы журналист TVN арнасында жұмыс істеген. Виктория TVN арнасының басшысы және "Networx-BG" интернет-компаниясының иесі Свилен Максимовтің жары болған. Ал олардың қызы бірінші сыныпта оқиды.

Маринова соңғы рет Еуроодақ демеушілік көрсететін инфрақұрылыстық проектілердің мемлекеттен бөлінген қаржыларды жұмсауы жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Журналист тіпті түскен қаражаттың 30-40 пайызын компаниялардың пара ретінде беріп отырғанын да анықтаған.

Полиция журналистің өлімі мен қызметінің бір-біріне қатысы жоғын айтқанымен, Bivol.bg порталының редакторы Атанас Чобанов Маринованың өліміне зерттеу жұмыстарының себеп болғанына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1756871-bolgariada-30-zastagy-zurnalisti-aausyz-ltirip-ketti/

pixel