Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Сайрагүл Сауытбайға саяси баспана беруден бас тартты

Опубликовано:

Талдықорғанда Көші-қон комитетінің жанынан құрылған комиссия Сайрагүл Сауытбайға Қазақстаннан саяси баспана беруден бас тартты деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Cайрагүл Сауытбай. Фото: juldyz.kz
Cайрагүл Сауытбай. Фото: juldyz.kz: UGC

Бұл туралы Сайрагүлдің адвокаты Абзал Құспан мәлімдеді.

Оның сөзінше, аталған шешім 5 қазан күні қабылданған.

Арнайы комиссия құрамына Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ, Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарының мүшелері қатысқан.

Құспан өз сөзінде мұндай шешімді күтпегенін жеткізді. Сонымен қатар, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісімен айналысатын мекемесіне хат жолдағанын жеткізді.

"Олардан Қазақстанға нота жіберуін сұраймын. Осы нота арқылы Қазақстан Сауытбайға босқын мәртебесін беретін болады", - деді ол.

Сондай-ақ, құқық қорғаушы Сайрагүлдің Қазақстанда алты айға жазаға тартылғанын және осы уақыт аралығында ол еліміздің территориясында болуы керек екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756713-kazakstan-sajragl-sauytbajga-saasi-baspana-beruden-bas-tartty/

pixel