Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әпкесінің көшірмесі": Байзақованың өзінен айнымайтын сіңлісі жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Желідегі жартылай жалаңаш суреттерімен танылған Айжан Байзақова аяғы ауыр болғалы көпшілікке қызық болмай қалған. Бүгінде декреттік демалысындағы атышулы арудың орнын туған сіңлісі Жібек басып үлгерді. Екінші Байзақова әпкесі іспетті ашық суреттерімен оқырмандарын таңғалдыруда деп жазады NUR.KZ.

Жібек есімді ару бүгінде желі оқырмандарының қызығушылығын тудыруда. Атышулы әпкесінен айнымай қалған бойжеткеннің парақшасына тіркелушілер саны күннен күнге көбеюде.

Екінші Байзақова желідегі суреттеріне дейін туғанын қайталайтыны анық байқалады. Оқырмандардың көпшілігі арудың әпкесіне еліктейтінін айтып, Айжанның көшірмесі деп сынауда.

Жібектің де әлеуметтік желісіне қарап бойжеткеннің негізгі табыс көзі өз парақшасы екенін аңғаруға болады. Бүгінде оған 155 мыңнан астам адам жазылып үлгерген. Атышулы арудың сіңлісі түрлі фотосессияларға қатысып, көптеген нәрселерді жарналамаумен айналысады.

Оған қоса, Байзақовалар бұған дейін кәсіпкерлікпен де айналысқаны белгілі. Айжан мен Жібектің өздері ашқан түнгі клубы болған. Алайда, даулы оқиғадан кейін көңіл көтеру мекемесін жабуға тура келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1756683-pkesini-ksirmesi-bajzakovany-zinen-ajnymajtyn-silisi-zajly-ne-bilemiz/

pixel