Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік әкім жаңа туған балаларға ырымдап бесік таратты

Опубликовано:

Ақтөбелік әкім жаңа туған балаларға ырымдап бесік таратты

Ақтөбелік әкім босану орталығындағы аналарға тосын сый жасады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов бүгін босанған 20 анаға 20 бесік таратқан. Әкім жас аналарға тәрбиенің тал бесіктен басталатынын айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінде тал бесіктің орны бөлек. "Ел боламын десең бесігіңді түзе" деген бар. Сол себепті босану орталығындағы аналарға бесіктер таратылды. Астана қаласының 20 жылдығына орай жаңа туылған 20 балаға барлық жасауымен бесік тарту еттік. Бұл аудан әкімінің идеясы болатын",-дейді Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнәз Төлебаева.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бүгін Ақтөбе қаласында Мұғалжар ауданының күндері өтіп жатыр. Аудан әкімі шараны перинатальдық орталық пен балалар үйіне барудан бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756564-aktbelik-kim-zaa-tugan-balalarga-yrymdap-besik-taratty/

pixel