KZ
Батыс Қазақстанда шетелдік компания қоршаған ортаға үлкен зиян келтірген
Новости Финансы

Батыс Қазақстанда шетелдік компания қоршаған ортаға үлкен зиян келтірген

Расказать Вконтакте

БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысымен "ҚПО б.в." компаниясынан қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін мемлекет пайдасына 1 922 109 851 теңге өндірілді.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2010 жылдың жеті айы ішінде (наурыз-қыркүйек) "ҚПО б.в." компаниясы қоршаған ортаға белгілі лимиттен асырған.

"ҚПО б.в." компаниясы қоршаған ортаға 5517,30 тонна қауіпті деңгейдегі "янтарьлық" және 455,86 тонна "жасыл" қалдықтарды шығарғаны анықталды.

Тексеру қорытындысына сәйкес аталмыш компания ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 243-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал келтірілген зиян ҚР Экологиялық кодексінің 321-бабы 1-бөліміне сай мемлекет бюджетіне толық өндірілді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии