Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытына шыққан жігіт танымал жазушының немересі болып шықты

Опубликовано:

Алматыдағы әл-Фараби көшесінде жол ережесін бұзған 20 жастағы жігіт белгілі жазушының немересі болып шықты. Танымалдылық үшін жолдың қарама-қарсы бағытына шыққан Назар Роллан жасаған қылығына өкінбейтінін айтты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, оны видеоға түсіре мақтанған 20 жастағы азамат қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың немересі екені анықталды. Әзірге жазушы немересінің басы дауға қалған оқиғаға қалай әрекет еткені белгісіз.

Роллан Сейсенбаев. Фото: diapazon.kz
Роллан Сейсенбаев. Фото: diapazon.kz: UGC

Заң бұзған жас жігіттің анасы білім беру орталығының басшысы болып қызмет атқарса, өзі жеке кәсіппен айналысады. Оған қоса, Назар өз жұмысы мен басына түскен мәселелерге туыстарын мүлде араластырмайтынын жеткізді.

20 жастағы жігіт көлік сату мен спорттық ұтыс тігумен шұғылданады. Роллан Сейсенбаевтың немересі көлікті 16 жасынан бастап жүргізетіні белгілі болды.

Басы дауға қалған оқиғадан кейін Назар Роллан бұдан былай заң бұзушылық бой көрсеткен видеоларды желіге жүктемеуді ойына түйді.

Ең қызығы, жас жігіт өз әрекетіне өкінбейтін болып шықты. Ал желідегі көпшіліктен кешірім сұраған видеосын түсіруге тәртіп сақшылары мәжбүрледі дейді ол.

Орын алған оқиғадан кейін Роллан Сейсенбаевтың немересін жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырмақ.

Алайда, белсенділер бұл жазаның заң бұзушыға жеткіліксіз екенін алға тартты.

"Тек жүргізуші куәлігінен айыру деген қалай сонда? Бұл жігіт жылдап құжатсыз көлік айдап жүрген. Ол тіпті желіде жазып жатыр, үйіне құжатсыз жолдың қарама-қарсы бағытымен қайтамын деп. Оған бәрібір. Бұл жігітті он күнге түрмеге отырғызу керек" , - дейді "Азаматтық патруль" белсендісі Антон.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жастағы алматылық жігіттің әл-Фараби көшесінде жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз. Оқиғадан кейін ол желі арқылы көпшіліктен кешірім сұраған.

Дереккөз: 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756320-almatyda-zoldy-karama-karsy-bagytyna-sykkan-zigit-tanymal-zazusyny-nemeresi-bolyp-sykty/

pixel