Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 24 жастағы жігіттің тағдыры елдің жүрегін ауыртты (видео)

Опубликовано:

24 жастағы Рысбек Жаңабаев әлі күнге дейін грамматика мен оқудың қарапайым ережелерін білмейді. Оның ата-анасы қайтыс болып кеткендіктен, ол білім ала алмай қалған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы
Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы: UGC

Түркияда туылған Рысбек Жаңабаев бес жасында әкесінен айырылған. Қайғылы жағдайдан соң анасымен бірге Өзбекстанға көшкен ол бір жылдан соң анасын да қайтыс болған.

Таныстарының арқасында азамат Қазақстанға келген екен. Содан бері Рысбек Жетісай қаласында тұратын көрінеді.

Бала кезінде құжатсыз, білімсіз күн көрген ол мектепті де оқи алмаған.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы
Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы: UGC

Уақыт өте жетімнің тағдырын бір адвокат оған көмектесуді ұйғарыпты. Осылайша, жергілікті заңгердің арқасында 24 жасында Рысбек Жаңабаев алғаш рет жеке куәлік алған екен.

Қазір азамат Қазақстанның мемлекеттік тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша кезекке тұрған. Себебі, оның мекендеген тұрағы сатылымға қойылған. Сондықтан, азамат тұрғын үйге мұқтаж болып отыр.

Одан бөлек, жас жігіт денсаулығында ақау бар екенін айтқан. Алайда, бұл факті әлі тексерілмепті. Рысбек осы уақытқа дейін дәрігерге көрінбегенін, өзін-өзі емдегенін айтыпты.

Қазір Рысбек Жаңабаев үй алуды күтіп, артынша Жоғары оқу орнына түскісі келетінін жеткізді.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755882-trkistan-oblysynda-24-zastagy-zigitti-tagdyry-eldi-zregin-auyrtty-video/

pixel