Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда Қазақстан азаматшасының баласын тартып алған

Опубликовано:

Германия қалаларының бірінде мектеп оқушысы өз анасының үстінен шағымданған соң балалар үйіне тап болды. Қызына қол көтерген ана енді сот алдына келмекші деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vladimirnews.ru
Фото: vladimirnews.ru: UGC

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, ана мен бала да Қазақстан азаматтары болып шыққан.

Тексеріс баланың мектептегі әңгімелерінің негізінде орын алыпты. Қыз бала сабаққа барайын деп дайындалып жатқанда оны анасы соғып жібергенін айтқан.

"Германияның заңы сондай. Ата-ана өз баласын жазалай алмайды" , - дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бүгінгі күні оқушы қыз балалар үйінде тұрып жатыр. Ал анасы мен оның қорғаушысы сотқа қажетті құжаттарды даярлап әлек болуда. Оларға Қазақстан елшісі де өз көмегін бермекші.

"Біз отбасының, анасы мен баласының қосылуы үшін барымызды саламыз. Қолдан келгенше, бәрін істеуге тырысамыз" , - деді Смадияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755623-germaniada-kazakstan-azamatsasyny-balasyn-tartyp-algan/

pixel