Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақша сөйле": Атышулы блогер роботпен қазақ тілі үшін ұрысып қалды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жанжалдың ортасында жүретін блогер Оғыз Доған жасанды роботпен қазақ тілінде сөйлесуге тырысқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: wishplatter.com, adyrna.kz/ Коллаж: NUR.KZ
Фото: wishplatter.com, adyrna.kz/ Коллаж: NUR.KZ: UGC

Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі "QazTouch" парақшасында жарияланған.

"Қазақша сөйле. Мені мақтағаныңды қойшы, мемлекеттік тілде сөйле. Ұятың жоқ сенің. Қазақстанды сыйламайсың ба?", - дейді блогер видеода.

Доғанның бұл сұрағына робот көрменің ерекшеліктерін атап, блогерді "әдемі жігітке" теңепті.

Ал ол болса жасанды интеллектінің мемлекеттік тілді білмейтініне күйінген екен.

Видео соңында Доған сотқа арыздану үшін роботтың атын сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755561-kazaksa-sjle-atysuly-bloger-robotpen-kazak-tili-sin-rysyp-kaldy-video/

pixel