Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезиядағы жер сілкінісінен соң жүзден астам тұтқын түрмеден қашып кетті

Опубликовано:

Индонезияның Паулу қаласында болған жер дүмпуінен соң жүзден астам адам түрмеден қашып кеткен деп хабарлайды ntv.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ©earthquake-report.com
Фото: ©earthquake-report.com: UGC

Қалада жер сілкінісі басталғанда түрмедегі жазасын өтеушілер өздерін босатуды сұрапты. Оң жауап алмаған соң 340 адам бірігіп, абақтыға от қойып жіберген екен. Тәртіп сақшылары дер кезінде жеткенімен, тұтқындарды басқару мүмкін болмай кеткен көрінеді.

Нәтижесінде, біршама адам абақтыдан қашып үлгеріпті.

Қазір түрме ғимаратында тұтқындар әлі де бар. Алайда, оларды басқару қиын болып отыр. Ал ғимарат жер дүмпуінен қатты зардап шеккен.

Естеріңізге сала кетейік, Индонезияның Сулавеси аралының жағалауында баллдық күші 6,1 және 7,4 болатын жер сілкінісі болған еді. Нәтижесінде, қаза тапқандардың саны 800- ден асқан болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы оқиғаға байланысты Индонезия президентіне көңіл айтқан.

Зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1755463-indoneziadagy-zer-silkinisinen-so-zzden-astam-ttkyn-trmeden-kasyp-ketti/

pixel