Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұят нәрсе емес: Мадина Сәдуақасова ашық-шашық киінеді деп сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Осыдан бірер күн бұрын желіге өзінің сексуалды суреттерін жүктеген Мадина Сәдуақасованы желі қолданушылары сынап тастаған еді. Әнші НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасында сыни пікір айтқан оқырмандарына жауап беріп, неліктен ашық-шашық киінгендігінің себебін түсіндірді.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Әнші ашық киінуінің бірден бір себебі – фотосессия деп түсіндірген. Ол сондай-ақ, мұндай образдан еш қысылмайтынын жеткізген.

"Ұят нәрсе емес. Ашық-шашық түгі де жоқ. Мүмкін көрермендерге солай көрінген шығар. Бірақ ондай образда суретке түсудің еш әбестігі жоқ деп ойлаймын. Әр әйелдің түрлі образдары болады емес пе?",-деп жауап берген әнші.

Эстрада жұлдызы тіпті осыдан 5-6 жыл бұрын бұдан да өткен образда фотосессия өткізгенін мойындаған. Әншінің айтуынша, елдің сыни пікіріне ол әбден үйренген көрінеді.

"Бұдан да зор фотосессия жасағанмын. Бірақ, осы суреттер осыншалықты дау шығарады деп ойламаппын. Бұрын осылай сынағанда жүрегіме жақын қабылдаймын, тіпті жылайтынбыз. Қазір үйрендік, танымал алам болған соң, ондай сын да болады деп ойлаймын",-дейді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1755338-at-nrse-emes-madina-sduakasova-asyk-sasyk-kiinedi-dep-synagandarga-zauap-berdi/

pixel