Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған елбасы газ өндірісін ұлғайтуды тапсырды (фото)

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми жұмыс іссапары барысында Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына барды деп хабарлайды akorda.kz.

Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған елбасы газ өндірісін ұлғайтуды тапсырды (фото)
Фото: Akorda.kz: UGC

Президент К-4 және К-5 экологиялық стандарттарына сай мұнай өнімдерін өндіруге маманданған зауыттың жұмысымен танысты. Жуырда жаңғырту жұмыстары жасалған зауыт мұнай өңдеу көлемін жылына 6 миллион тоннаға дейін ұлғайтқан.

Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған елбасы газ өндірісін ұлғайтуды тапсырды (фото)
Фото: Akorda.kz: UGC

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы жөнінде мәлімет беріліп, Қазақстанның мұнай нарығындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды.

Баяндаманы тыңдаған соң Қазақстан Президенті экологиялық тұрғыдан таза жанармай түрлерін пайдаланудың және оның тұрғындар үшін қол жетімді болуын қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған елбасы газ өндірісін ұлғайтуды тапсырды (фото)
Фото: Akorda.kz: UGC
"Біз газбен жүретін автобустар шығарып жатырмыз. Солардың өндіріс көлемін ұлғайту қажет. Бұл ұлттық экономиканы ынталандырып, экологияға  келетін зиянды азайтады. Сонымен қатар, көлікті газбен жүруге көшіру оның иелері үшін де тиімді", – деді Мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755316-symkent-mnaj-deu-zauytyna-bargan-elbasy-gaz-ndirisin-lgajtudy-tapsyrdy-foto/

pixel