Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда еркектердің көзге шөп салуына рұқсат етілді

Опубликовано:

Үндістанның Жоғарғы соты елдегі отбасылы ер азаматтың бөтен әйелмен кездесіп, көзге шөп салуы қылмыс болып саналмайды деген шешім шығарды. Аталмыш заң осыдан 158 жыл бұрын қабылданған деп хабарлайды lady.tut.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sensum.Club
Көрнекі фото: Sensum.Club: UGC

Отаршылдық кезеңінде қабылданған заң жобасына сәйкес, ер адамдар өзге әйелмен көңіл жарастырса, опасыздығы үшін қылмыстық дәрежеде кінәлі болып саналатын.

Аталмыш заң ережесінің күшін жойған судья Дипак Мисраның айтуынша, отбасындағы кез-келген ұрыс не опасыздық ажырасуға себеп болғанымен, қылмыс ретінде қаралмауы тиіс.

Қатал ереженің тоқтатылуына бірнеше үндістандықтың оған қарсы арызы себеп болған.

Өткен жылдың тамыз айында 41 жастағы үндістандық кәсіпкер Джозеф Шайн өзі Италияға қоныс аударып, Жоғарғы соттан көзге шөп салу туралы заңның күшін жоюды талап еткен. Ол 45 беттік арызында шетелдік ақын-жазушылардың еңбектерінен мысал келтіре отырып, қатал ереженің ер мен әйел құқығын бөлетінін түсіндірген.

Опасыздық жасау шариғат заңы бойынша көптеген мұсылман елдерінде қылмыс болып саналатыны жасырын емес. Мәселен Иран, Сауд Арабиясы, Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш пен Сомалиде көзге шөп салған адам қатал жазаға, кейде өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1755248-ndistanda-erkekterdi-kzge-sp-saluyna-rksat-etildi/

pixel