Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігітінен алданып қалған балалы бойжеткенді сүйіктісі "Қалаулымға" іздеп келді

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" жобасында ерекше жағдай орын алды. Студияға Ақерке Жақсылықова есімді ару келіп, 18 жасында сүйікті жігітінен жүкті болып қалғанын айтты. Дегенмен "Қалаулымға"өмірлік серік іздеп келген бойжеткенге бұрынғы сүйіктісі қайта оралып, үйленетінін айтты. Бұл туралы Facebook-тағы "Қызықты студия" парақшасында да жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Facebook
Фото: Видеодан кадр/ Facebook: UGC

Ақеркенің жүкті екенін білген Нұрболат одан теріс айналған. Жас ана сәбиін дүниеге әкеліп, "Аналар үйінде" паналапты.

“Есімім – Ақерке, барлығы біледі. Жасым 19-да, өзімнің сүйген жігітімнен аяғым ауыр болып, 18 жасымда ұл босанып алдым. “Аналар үйінде” тұрып, жұмыс істеп, анамның қолдауымен ұлымды асырадым”, – дейді ол.

"Қалаулым" эфиріне өмірлік серік табуға келген Ақеркені бұрынғы сүйіктісі қайта іздеп келіпті. Ол бағдарлама барысында өз қателігін мойындап, ел алдында Ақеркеге ұсыныс жасауды көздеген екен.

“Есімім – Нұрболат Бектұрғанов. Жамбыл облысы, Құлан ауылының тумасымын. 1991 жылғымын, Ақеркемен Алматыда жұмыс істеп жүрген кезімде танысқанбыз. Екеуміз 2 жылдай жүрдік. Сосын түсініспеушілік болып, екіге кеттік. Содан мен Астанаға жұмысқа кетіп қалдым. Сол жақта жұмыс істеп жүрген кезімде Ақерке хабарласып, жүкті екенін айтты”, – дейді Нұрболат.

Нұрболаттан мұндай әрекет күтпгеен Ақерке оған әлі сезімі өшпегенін, оның ісіне еш реніші жоқ екенін айтып жылады.

“Бір көргеннен әлі де сезім бар екенін түсіндім. Барлық реніш сол кезде жоқ болып кетті. Себебі іштей сезім лаулап тұр ғой”, – деді ол.

Енді Нұрболат пен Ақерке шаңырақ көтеретін болды. "Қалаулым" жобасының қатысушысы 4 қазан күні ұзатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1755224-zigitinen-aldanyp-kalgan-balaly-bojzetkendi-sjiktisi-kalaulymga-izdep-keldi/

pixel