Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ауқаттыларға арналған элиталық ауданда кімдер тұрады?

Опубликовано:

Астаналық ауқаттылар үй-жайдан ақшаларын аяп қалатын емес. Олар қаланың элиталық аудандарынан пәтер алып, "ақылды" үйлерді сатып алуға әуес көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Астанада осыдан біраз жыл бұрын салынып, қаланың элиталық ауданында бой көтерген үйлердің бірі – "Хайвилл Астана" тұрғын-үй кешені. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аталмыш ауданда тек бай-бағландар ғана тұрады екен.

Мұндағы пәтерлер "ақылды үй" қағидатымен салынған. Айта кетерлігі, тұрғын-үй кешенінде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тұрады.

Фото: Booking.com
Фото: Booking.com: UGC

Елордадағы сән-салтанаты жарасқан келесі бір тұрғын-үй кешені – "Қалалық романс" деген атқа ие. Онда Италия, Париж және ағылшын орамдары орналасқан. Тұрғын-үй кешендерінің сыртқы пішіні де еуропалық үлгіде салынған.

Онда Ләйлә Сұлтанқызы, Майя Бекбаева, Тәңірберген Бердоңғар, Жан Мұқановтар орын тепкен.

Фото: skaie.kz
Фото: skaie.kz: UGC

Астананың сол жағалауында орналасқан келесі бір тұрғын-үй кешені – "Нұрсая" деп аталады. Бір ерекшелігі онда халық қалаулылары орын тепкен.

Олар "Жасыл бульвар", "Бәйтерек" сынды қаланың бас нысандары орналасқан ауданда тұрады. Сондықтан аталған аумақта Серік Сәпиев, Геннадий Шиповских, Ольга Шишиганаларды кездестіріп қалсаңыз, таң қалмаңыз.

Фото: Крыша
Фото: Крыша: UGC

Қаланың жаңа аудандарының бірінде бой көтерген тағы бір тұрғын-үй кешені – "Француз" кварталы деп аталады. Бір қызығы, аталмыш үй Астанадағы ең қымбат баспана қатарына жатады.

Мәселен мұндағы 4 бөлмелі пәтердің құны 115 млн теңгені құрайды. Жергілікті халықтың айтуынша, аталмыш тұрғын-үй кешенінде шымкенттіктер көп тұратын көрінеді.

Фото: Kn.kz
Фото: Kn.kz: UGC

Былтыр салынып бітіп, пайдалануға берілген келесі бір тұрғын-үй кешені "ЭКСПО" қалашығы аумағындағы үйлер болып табылады. Ондағы тек бір бөлмелі пәтерлердің бағасы – 15 миллион теңгеден басталады. Тағы бір ерекшелігі аталмыш ауданда қымбат мейрамханалар мен дүкендер жетіп артылады.

Фото: Today.kz
Фото: Today.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754759-astanada-aukattylarga-arnalgan-elitalyk-audanda-kimder-trady/

pixel