Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жандым-күйдім": Мадина Сәдуақасованың сексуалды суреттері желіні жарды

Опубликовано:

Қазақстандық эстраданың жарқын жұлдызы Мадина Сәдуақасова төстартқышсыз суретке түсемін деп басы дауға қалды. Көпшілік отбасылы танымал әншінің ашық киінгеніне шүйлігіп, оны қатаң сынап тастаған деп жазады NUR.KZ.

Сәдуақасова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына соңғы фотосессиясындағы суреттерімен бөліскен. Фотоларының астына әнші мынадай жазба қалдырған:

"Жандым-күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей, Еш жанға сенен басқа көңіл бермей... "

Алайда, қалың көпшілікті жазба емес, отандық жұлдыздың фотолары ашуландырған. Желі оқырмандары Мадина Сәдуақасованың суреттерінен оның төстартқышсыз тұрғанын байқап, әншіні белсенді түрде сынауға көшкен.

Жұртшылық отбасылы бол тұра ашық фотосессияға келіскен шоу-бизнес өкілін сөгіп тастады.

"Масқара, біздің қыздарға не болған? Бірінен соң бірі ашық-шашық фотосессия жасап"
"Мадина инабатты, ақылды қыз деп ойлаушы едім. Мны фотоны көріп құдай сақтасын, өз көзіме өзім сенбей тұрмын"
"Мына образ жақсысы жақсы шығар. Бірақ аған имандылық әлдеқайда жарасымды"
"Енді бұл әнші де төстартқышсыз. Оны киетін жұлдыз қалды ма бізде? Бәрі ұяттан жұрдай"
"Жас қыздарға берер үлгі-өнегеңіз осы ма?" , - деп азулы пікір жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754701-zandym-kjdim-madina-sduakasovany-seksualdy-suretteri-zelini-zardy/

pixel