Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжанға сезімге толы тілек арнаған Баянның күйеуі талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Жұбайы Баянның құрбысын туған күнімен құттықтаған Тұрсын Алагөзовтің басы дауға қалды. Оның сезімге толы құттықтауы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

"Туған күніңмен құттықтаймын, Динара! Достығымыз үшін саған алғыс білдіремін. Өзіңе таңғалмаған күнім болмаған. Сен ерекше әрі энергияға толы жансың! Айналаң тек мейірімді адамдарға толы болсын! Сені жақсы көремін әрі құрмет тұтамын", - деген Тұрсын Алагөзов желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары бұл құттықтауды дұрыс ұқпай қалған.

"Жақсы көргені несі?", "Баяннан сөз естиін деп тұрсың ғой", "Өз әйеліңізді жақсы көріңіз", "Құттықтағаныңыз дұрыс. Бірақ, жақсы көрмей-ақ қойыңызшы", "Ер адам мен әйел адам дос болушы ма еді?" деп жазған оқырмандар.

Айта кетейік, Баян Алагөзова сүйіктісі Тұрсынға өлең арнап, елді таңғалдырған болатын.

Ал Тұрым Алагөзов Баянның қыздарымен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты.

Сондай-ақ, жігітімен заңды некесін қидырған Айсауле Бақытбектің тойының қай уақытқа белгіленгені де анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754029-dinara-stzanga-sezimge-toly-tilek-arnagan-baanny-kjeui-talkyga-tsti-foto/

pixel