Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ару көшенің қақ ортасында жұмысшымен жаға жыртысты (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы көлік жүргізуші бойжеткеннің агрессиялық әрекеті қызу талқыға түсті. Куәгерлер оның жол жөндеуші жұмысшыға қол көтерген сәтін видеоға түсіріп алған деп жазады NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісінің kris_p_brothers парақшасында жарияланған.

Видожзабада көліктегі арудың жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қажымұқан көшесінен жоғары тұстағы Назарбаев даңғылының бөлігін айналып өтпек болғанын байқауға болады.

Алайда жұмысшы оның алдына тосқауыл қойып, жолын жаппақ болған.

Осыған ашуланып кеткен жүргізуші жұмысшымен ерегісіп, оны итеріп, содан кейін көлігімен газды басып өткен.

Видеоны көрген желі қолданушылары арудың әрекетін әбестік деп таныса, кейбірі керісінше оны жақтап шыққан. Себебі жұмысшы оның алдындағы көлікті жіберіп, қыздың жолын бөгеген екен.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1753908-almatyda-aru-kseni-kak-ortasynda-zmyssymen-zaga-zyrtysty-video/

pixel