Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызу талқыға түскен көкпар жайлы клип түсірген "Алашұлы" елді тәнті етті

Опубликовано:

Бүгінде қоғам назарына ілігіп, қызу талқыға түскен ұлттық ойынымыз - көкпар жайлы клип түсірген "Алашұлы" жігіттері тыңдармандарын тағы бір мәрте тәнті етті. "Көкпар" деп аталатын әннің бейнебаянын отандық топ жақында ғана ел назарына ұсынған деп хабарлайды NUR.KZ.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында қырғыздардан ойсырай жеңілген қазақ көкпаршылары біраз уақыт бойы қызу талқыға түскен еді. Тіпті "ұлттық ойынды аяқ асты етті" деген жандардың реніші әлі де болса басылмаған сыңайлы.

Осы орайда, Алаштың ұлдары орындаған ән көпшіліктің көңілінен шығып, көкпар жанкүйерлерінің еңсесін бір көтеріп тастағандай.

Белгілі болғаны, атылмыш ән күні кеше киносүйер қауымға жол тартқан "Время стойких" фильмінің саундтрегі екен.

Қырғыз режиссері түсірген аталмыш туындыда қазақстандық танымал актер Асылхан Төлепов пен актриса Гүлназ Жоланова басты рөлді сомдайды.

Айта кетерлігі, бұл фильмде "Алашұлы" тобының "Қазақпын" әні де шырқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753613-kyzu-talkyga-tsken-kkpar-zajly-klip-tsirgen-alasly-eldi-tnti-etti/

pixel