Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің "зың" әкімі Азиададан алтын әкелген спортшыларға 1 млн теңгеден берді

Опубликовано:

Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдіраxымов танымал қазақ көркем гимнастшысы Әлия Юсупова бастаған жаттықтырушылар мен спортшыларға қаржылай сыйлық берді, деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Әбдіраxымов XVIII жазғы Азия Ойындарынан жүлдемен оралған спортшыларды қабылдап, ел намысын абыроймен қорғап келген саңлақтарға алғысын білдірді. Тек құттықтап қана қоймай, қаржылай сыйлық тарту етті.

Дүбірді додада оқ бойы озып шыққан әрбір спортшы мен оның бапкеріне млн теңгеден табыс етілсе, ІІ, ІІІ орын иегерлері мен жаттықтырушыларына 500 мың мен 300 мың теңгеден берілді. 

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Айта кетейік, осы жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында XVIII жазғы Азия ойындары өтті.

Аталған ойында 36 шымкенттік спортшы бағын сынап, оның 14-і жүлделі орын алды. Ерекше атап өтерлігі, спорттың көркем гимнастика түрінен шымкенттік қыздар командалық есепте бірінші орынға ие болса, жекелей жарыста Алина Адилxанова алтын медальды ел қоржынына салды.

Жас спортшылардың бұл жеңісі қазақстандық жанкүйерлер үшін көптен күткен жүлде болды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753549-symkentti-zy-kimi-aziadadan-altyn-kelgen-sportsylarga-1-mln-tegeden-berdi/

pixel