Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді иті ән айтады": Қайрат Нұртастың отбасы cынға қалған Заңғарды жақтап шықты

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнеске қадам басып, бірнеше ән жазып үлгерген Қайрат Нұртастың інісі бүгінде ел талқысына түскен. Көпшілік Заңғардың әншілік өнеріне күмәнмен қарап, оны жұлдызды отбасымен қоса сынның астына алды. Бұл тұрғыда Нұртас әулетінің керағар пікір білдірушілерге айтар жауабы бар болған деп жазады НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар қазақстандық шоу-бизнеске енді ғана қадам жасағанның өзінде , көптің сынына ілігіп үлгерді. Жұртшылық жұлдызды отбасыдан шыққан жігіттің әншілік өнеріне риза еместігін желіде ашық түрде білдіре бастады. Оларға Заңғардың айтар жауабы да бар көрінеді.

"Мен бәріне әлі дәлелдейтін боламын. Жаман пікірлер маған әсер етпейді. Мен даусым бар екенін көрсетемін, әлі шығар асуым көп" , - деп айтты ол.

Көпшіліктің сынының астында қалып қойған Заңғарды өз жанұясы да ақтап әлек болды.

"Ән айтуды қылмыс деп санаймын. Көшеде жатып арақ ішіп жатқан жоқ қой. Енді қалмағаны ит-мысықтары ән салады деген пікірлерді де көргем. Әу демейтін қазақ жоқ, сол себепті оның ән айтқанында ұят нәрсені көріп тұрғам жоқ" , - деп айтты Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың өзі де інісіне өз қолдауын білдіріп, тыңдайтындарды ғана тыңдауға кеңес берді. Бағдарлама үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753544-endi-iti-n-ajtady-kajrat-nrtasty-otbasy-cynga-kalgan-zagardy-zaktap-sykty/

pixel