Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа клип түсірген қырғыз әншісін белгісіз біреулер "өлтіремін" деп қорқытуда

Опубликовано:

Жуырда елге "Қыз" әнін ұсынған қырғыз әншісі Зере Асылбекке белгісіз біреулер қоқан-лоққы көрсетуде. Instagram арқылы хат жолдаған аккаунт иесі одан клипті өшіруді талап етіп, олай болмаған жағдайда өлтіріп кетуге уәде беріпті деп жазады "Азаттық" радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Bespredel_kg деген белгісіз аккаунт иесі 19 жастағы әншіге қоқан-лоққы көрсетіп, одан "Қыз" клипін ел назарынан алып тастауды талап еткен көрінеді. Өзіне жеке жолданған хабарламаны ол Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген.

Әнші бұл жайтқа қатысты әлі құқық қорғау органдарына шағымданбағанын жеткізді. Айтуынша, ол әкесімен кеңесіп, қандай әрекетке бару керектігін шешетін болады.

Айта кету керек, Зере Асылбек жуырда өзгелердің құқығы мен жеке өміріндегі таңдауын сылауға шақыратын "Қыз" деп аталатын әнін жария еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753458-zaa-klip-tsirgen-kyrgyz-nsisin-belgisiz-bireuler-ltiremin-dep-korkytuda/

pixel