Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір топ жігіт жабылып зорлаған екі оқушы қыз жүкті болып қалған

Опубликовано:

Шымкентте мектепте оқитын екі бірдей қызды бейтаныс біреулер топ болып зорлап кеткен. Салдарынан оқушы қыздар жүкті болып қалған деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: stoprodinkam.ru
Көрнекі фото: stoprodinkam.ru: UGC

Белгілі болғандай, Шымкенттегі "Аналар үйіне" тек 2018 жылы ғана жасы 18-ге толмаған 16 жүкті бойжеткен келген.

Олардың 8-і әлі күнге дейін "Аналар үйін" паналауға мәжбүр. Олардың арасында екі оқушы қызды зорлап кетсе, біреуін алып қашқан көрінеді.

Мамандардың айтуынша, ерте жастағы жүктілікке көбінесе отбасындағы тәрбие әсер етеді екен.

"Олар осындай жағдайға тап болып, білім алу мүмкінлігінен, ата-аналардың қолдауынан, тіпті болашақтарынан айырылып қалады",-дейді маман.

Қазіргі таңда кәмелет жасына толмай жатып, ана атанған бойжеткендердің саны бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Ондағы жас аналардың жасы 15-18 жас аралығын құрап отырған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1753282-symkentte-bir-top-zigit-zabylyp-zorlagan-eki-okusy-kyz-zkti-bolyp-kalgan/

pixel