Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жойқын жарылыстан денесінің 50% күйіп қалған адам көз жұмды

Опубликовано:

Ақтөбеде жанар-жағармай базасында көлік жарылып үш адам зардап шеккен еді. Солардың бірі қайтыс болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото shitimech.com сайтынан алынды
Иллюстрациялық фото shitimech.com сайтынан алынды: UGC

Денесінің 50% күйік шалған азаматтың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған.

Сондай-ақ, денесінің 85% күйік шалған өзге зардап шегушінің жағдайы да ауыр деп бағаланып отыр.

Ал жарылыстан зардап шеккен үшінші адам ауруханадан үйіне шығарылған.

Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында жанар-жағармай таситын көлік жарылып, екі жұмысшы жансақтау бөліміне түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1753003-aktbede-zojkyn-zarylystan-denesini-50-kjip-kalgan-adam-kz-zmdy/

pixel