Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкинге былғары етік тігіп берген жігіт жұртты тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Ұлттық қолөнер шебері Самғау Насыпхан қазақстандық боскшы Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жегіне арнайы сый жасады. Ол боксшыға арнап, былғарыдан етік тігіп берген деп жазады NUR.KZ.

Геннадий Головкин. Фото: instagram / gggboxing
Геннадий Головкин. Фото: instagram / gggboxing: UGC

Шебердің қолынан шыққан сый туралы белгілі журналист Өркен Кенжебек өзінің Facebook парақшасында жазған. Айтуынша, аты аңызға айналған спортшыға ерекше тарту жасағысы келген Самғау Насымхан Головкиннің аяқ киім өлшемін таныстары арқылы сұратып жүріп, 43-өлшем екенін біліп алыпты.

Сондай-ақ, таза былғарыдан тігілген етіктің табаны мен алдыңғы бетіне GGG деп жазып, қазақы оюлармен әспеттеген екен.

Головкинге арналғын сыйды көрген көпшілік қолөнер шеберіне ризашылығын білдіріп, спортшыға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бүкіл әлем асыға күткен Головкин-Альварес жекпе-жегі Лос-Анджелесте, 15 қыркүйек күні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752748-golovkinge-bylgary-etik-tigip-bergen-zigit-zrtty-tnti-etti-video/

pixel