KZ
Өскеменде сүт бағасы 4 теңгеге арзандайды
Новости Финансы

Өскеменде сүт бағасы 4 теңгеге арзандайды

Расказать Вконтакте
Өскеменде сүт бағасы 4 теңгеге арзандайды

Ертеңнен бастап Өскемен қаласында сүт 4 теңгеге арзандай бастайды.

Бұл туралы инфлияциялық үдерістерді ұстап тұру бойынша өткен қалалық штаб отырысында қала әкімінің міндетін атқарушы Оксана Желякова мәлім етті.

Бағаларды арзандату жөніндегі уағдаластыққа алдыңғы қатарлы екі кәсіпорынмен болған келіссөздердің арқасында қол жеткізілген.

4 ақпаннан бастап осы екі кәсіпорын өндіретін сүт сауда желілерінде бір литрі үшін 126 теңгемен сатылатын болады.Ал өз кезегінде саудагерлер қосып сататын баға да 13 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеп, бір литр сүттің бағасы 143 теңгеден 136 теңгеге дейін арзандайды.Әзірге қаладағы ірі сегіз дүкен ғана сүт бағасын 13 пайыздан 9 пайызға төмендетуге келісімдерін беріп отыр.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии