Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тегін Wi-Fi тарататын "ақылды" орындықтар пайда болады

Опубликовано:

Алматы көшелерінде тегін Wi-Fi тарататын орындықтар пайда болуы мүмкін. Сымсыз ғаламтор 20 метр қашықтықтан ұстайды. Сонымен қатар, онда күн сәулесінен қуат алатын екі батарея орнатылады. Сондықтан қала тұрғындары оны жыл он екі ай пайдалана алады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Алматыда тегін интернет тарататын "ақылды" орындықтар пайда болады
Көрнекі фото: itc.ua: UGC

Одан бөлек, смарт-орындықта телефонды да қуаттауға болады. Ақылды орындықтар қашан орнатылатыны белгісіз. Құрастырушы компания өкілдері қазір Алматы әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтады.  

«Бұл смарт-орындықтар басқаларға қарағанда ерекше. Онда үлкен екі батарея орнатылған. Олар күннен қуат алады да, үш күн бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге қауқарлы.

Сондай-ақ, телефонды сымсыз және сыммен қуаттайтын жері бар. Төбесі де жабылған. Сондықтан ауа райына қарамастан, оны кез келген уақытта пайдалануға болады.

Бір орындықтың құны шамамен 1 миллион теңге тұрады», – деді смарт орындықтарды құрастырушы компания директорының орынбасары Сергей Шакиров. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752251-almatyda-tegin-wi-fi-taratatyn-akyldy-oryndyktar-pajda-bolady/

pixel