Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақова өзінен "жалаңаш суреттер" талап еткен оқырмандарына шүйлікті

Опубликовано:

Атышулы Байзақова өзінен ашық фотоларын жүктеуді талап еткен желі қолданушыларына жауап берді. Желідегі жартылай жалаңаш суреттері арқылы танылған бойжеткен оқырмандарына жабық киінсе де жақпайтынын айтып күйінді деп жазады NUR.KZ.

Айжан Байзақова өзінің Instagram парақшасына кезекті жазбасын жариялап, ел арасында қызу талқы ұйымдастырды. Атышулы арудың азулы мәлімдемесі өзіне тыныштық бермей қойған оқырмандарына арналған.

"Менің дайректім "жалаңаш суреттерің қайда?" деген хаттарға лық толы. Тозаққа сіздермен бірге түссем ішім пыспайтыны анық. Сіздерге жақпайтын болдым-ау әбден. Енді менің жабық киінгенім ұнамай қалыпты. Сіздер үшін мына мен ұялып тұрмын", - деп жазған Байзақова.

Атышулы ару өзінен жалаңаш суреттер талап еткен желі қолданушыларына ашуланған. Өзін ашық образдарда көріп үйреніп қалған көпшілік одан "ұятты фотоларын" жүктеуін өтінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752030-bajzakova-zinen-zalaas-suretter-talap-etken-okyrmandaryna-sjlikti/

pixel