Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Жоғары сотқа шағымданбақшы

Опубликовано:

2014 жылдан бері Қытай түрмесінде жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы істің созылуына байланысты Жоғары сотқа шағымданбақшы. Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: instagram
Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: instagram: UGC

Қорғаушы Сяо Чжаньдэнің сөзіне сүйенсек, Гуанчжоу соты соңғы шешімді шығаруға асықпай, уақытты созып келеді. Жалпы Қытай заңына сәйкес, қылмыстық істі аяқтаудың нақтыланған мерзімі жоқ екен. Осыған қарамастан, Сяо Чжаньдэ Ақжарқынды қорғауға барымды саламын деп отыр.

"Екі күннен бері Ақжарқынның ісін қарайтын сотпен байланысқа шығып жатырмын. Жақын уақытта Қазақстанның бас елшісімен әрмен қарай не істейтінімізді кеңесеміз. Мен Жоғары сотқа шағымданып, арнайы хат дайындамақшымын", - дейді қорғаушы.

Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытай жерінде есірткі тасымалдаумен айналысты деген күдікке ілініп, түрмеге тоғытылған болатын. 2015 жылы оған өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді. Алайда апелляциялық сот аталмыш шешімнің күшін жойып, 2016 жылы іс қайта қарауға берілген. Сол уақыттан бері сот бұл істің нүктесін әлі қоймай келеді.

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі өмірі туралы толық сұхбатты мына сілтемеден оқыңыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751981-akzarkyn-trlybajdy-korgausysy-zogary-sotka-sagymdanbaksy/

pixel