Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық форумда орысша сөйлеген Мұхтар Шаханов көптің көңілін қалдырды

Опубликовано:

Алматыда жазушылардың халықаралық форумы басталды. Қазақ Пен-клубы ұйымдастырған шараға алыс-жақын 16 елдің белді қаламгерлері, аудармашылар және философтар жиналған. Жиында Мұхтар Шаханов бастаған ақындар орысша сөйлеп, көптің көңілін қалдырды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шаханов. Фото: ZTB.kz
Шаханов. Фото: ZTB.kz: UGC

Тіл жанашыры, қабырғалы ақын Мұхтар Шахановтың орысша мақамын жазушы Дулат Исабеков те әрі қарай жалғастырды. Форумның шымылдығын ашқан қазақ әдебиетінің абызы Әбдіжәміл Нұрпейісов те орыс тілінде баяндама оқыған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматыда 1973 жылы Африка және Азия ақын-жазушыларының конференциясы өткеннен бері елімізде осындай ауқымды халықаралық бас қосу болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751956-halykaralyk-forumda-oryssa-sjlegen-mhtar-sahanov-kpti-kilin-kaldyrdy/

pixel