Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразия университетінде SAP NEXT-GEN талдау орталығы өз жұмысын бастады

Опубликовано:

технологии в руках человека
Фото: YouTube: UGC

Астана, Қазақстан, 10 қыркүйек 2018 жыл – SAP білім беру бағдарламасының жаңа үлгісін іске қосты. Ол - SAP Next-Gen Талдау орталығы деп аталады. Бастама Еуропа мен Таяу Шығыстың 29 білім беру мекемесінде, сондай-ақ Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өз жұмысын бастады.

SAP Next-Gen орталықтарының басым бағыты – түрлі индустрияға арналған инновациялық технологиялық сервистерді әзірлеу, сондай-ақ нарықтағы үздік тәжірибе мен салалық тәжірибені кеңінен танымал ету болып табылады.

SAP Next-Gen Талдау орталығы SAP алаңы мен технологиялары негізінде инновациялық жобаларды әзірлеу тәжірибесі бар салалық мамандарды даярлау ісін жеделдетуге жол ашады. Гумилев ат. ЕҰУ-де ашылған орталық Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын бизнес-процестерді автоматтау технологияларын (ERP) оқытуды көздеп отыр.

«Қазақстандағы цифрлық экономиканың қалыптасып келе жатқанын ескерсек, әлемнің озық технологияларымен жұмыс жасай алатын білікті мамандар қажет. ЕҰУ-дегі SAP Next-Gen талдау орталығы қысқа мерзімде ИТ-мамандарды даярлауға әрі студенттерге нақты жобалармен айналысуға, сондай-ақ, алған білімдерін тәжірибеде ұластыруға мүмкіндік бермек»,-дейді Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Жанат Нұрбекова.

SAP Next-Gen Талдау орталықтарында Code with Purpose жаһандық хакатондары келіп тұрмақ.

SAP университет алаңы ТМД 120 ЖОО-мен ынтымақтастық орнатқан. Оның негізінде студенттер тәжірибе жүзінде SAP технологияларын зерттеп, цифрлық экономика қажеттіліктеріне арналған жобаларды әзірлеп, мақсат-міндеттерін айқындай алады. ТМД өңірі бойынша білім ордалары мен инновациялық парктер базасында 9 SAP Next-Gen Lab орталық ашылды.

Компаниялар жайлы:

SAP — кооперативті қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшы болып саналады. Компания түрлі дәрежедегі мекемелерге өз бизнесін (қосалқы қызмет немесе директорлар кеңесі, қойма немесе дүкен, ұялы қосымшалар)тиімді басқаруға көмектеседі. SAP қызметін 388 000 клиент тұтынады. Компанияның жетекші технологиялары тұрақты дамуға, үздіксіз бейімделуге, және жоғары табысқа жетуге кепілдік бере алады.

1992 жылы Мәскеуде SAP SE кеңсесі ашылды. Соңғы 20 жылда SAP бөлімшелері Екатеринбург, Санкт-Петербург, Ижевск, Алматы және Минскіде ашылды. Ал қызметкерлер саны 1100-ден асып жығылды. Өзге де ақпаратты - www.sap.com және www.sap.ru сайтынан таба аласыз.

SAP компаниясының Ресейдегі қызметіне қатысты сауалдар бойынша Татьян Звереваға (tatiana.zvereva@sap.com), ТМД елдері бойынша Дарья Герасимоваға (daria.gerasimova@sap.com) хабарласа аласыз.

Қосымша ақпарат үшін sap@ag-loyalty.com поштасына хабарласыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751937-eurazia-universitetinde-sap-next-gen-taldau-ortalygy-z-zmysyn-bastady/

pixel