Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алдағы аптада күн суытып, жауын-шашын болады

Опубликовано:

Алматыда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Синоптиктердің болжауынша, жел тұрып, жауын-шашын болады. Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды. 

Алматыда
Көрнекі фото: kz-news.info: UGC

Дүйсенбі, 10 қыркүйекте күн бұлтты болады. Ауа температурасы күндіз 26, түнде 13 градусты көрсетеді. 

Сейсенбі, 11 қыркүйекте күн ашық болады. Күндіз ауа бағаны 26, түнде 13 градусты көрсетеді. 

Сәрсенбі, 12 қыркүйек күні термометр бағаны күндіз 23, түнде 9 градус болады.

Бейсенбі, 13 қыркүйек күні жауын жауады. Ауа температурасы күндіз  21, түнде 8 градусқа дейін салқындайды. 

Жұма, 14 қыркүйекте термометр бағаны күндіз 24, түнде 9 градусты көрсетеді. Күн бұлтты болады. 

Сенбі, 15 қыркүйекте күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз 23, түнде 11 градусты көрсетеді.

Жексенбі, 16 қыркүйек күні термометр бағаны 24, түнде 11 градус болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751540-almatyda-aldagy-aptada-kn-suytyp-zauyn-sasyn-bolady/

pixel