Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда бір үйдің екі баласы із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

6 қыркүйек күні Қарағандыда тоғыз жастағы қыз бала мен төрт жастағы ұл бала із-түзсіз жоғалып кетті деп жазады NUR.KZ.

Жоғалып кеткен қыз. Фото баланың ата-анасынан алынды
Жоғалып кеткен қыз. Фото баланың ата-анасынан алынды: UGC

Балалардың жоғалып кеткені туралы полицияға Вера Дружкова хабарлаған. Төрт жасар Артем Дружковтың анасы ұлымен бірге тоғыз жасар жиені Анастасия Лисихинаның жоғалғанын айтуда.

Бір үйде болған балалар 3-я Кочегарка, 29/2 мекенжайынан шамамен сағат 16:00-де көшеге ойнауға шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасының айтуынша, балалар ешуақытта ескертпестен сыртқа шығып кетпейтін.

Қыз баланың төртінші сыныпта, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатта оқығаны белгілі.

Балалардың ерекше белгілері: Артем Дружковтың бойы 100 сантиметр, жеті жасар балаға ұқсайды. Сұр-көк мастерка мен ақ макасины киген.

Анастасия Лисихина бойы 110 сантиметр, шашы бұйра, иығынан сәл асады. Алдында гүлдің суреті бар ақ кофта, қара шалбар, қара кроссовки киген. Қолында ойыншыққа толы кішкентей алқызыл портфелі болды.

Полицейлерден бөлек балаларды Rina.kz атты еріктілер тобы іздестіруде. Балаларды көрген-білгендер болса, +77083526460 нөміріне немесе 102-ге хабарласа алады.

Полицейлер Кировский аймағында балаларды тануы мүмкін адамдардан олар туралы сұрастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751525-karagandyda-bir-jdi-eki-balasy-iz-tzsiz-zogalyp-ketti/

pixel