Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Қарағандыдағы жас жұбайларды құттықтауға барды

Опубликовано:

Қарағанды облысына жасаған іс-сапарында елбасы жас жұбайлардың некесін қиятын "Ақ сарай" салтанат сарайына барып қайтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Президент жас жұбайларды құттықтап, оларға бақыт пен отбасылық береке тіледі.

"Ертең Қазақстанда отбасы күні болады. Көп адамдар үшін бақыт дегеніміз - отбасы мен балалары. Сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Одан бөлек, елбасы отбасы құндылықтары мен жас қазақстандықтардың тәрбиесі туралы айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Ал отбасы құрған жас жұбайлар президентке жастарды қолдауға арналған саясаты мен "7-20-25" бағдарламасы үшін алғыс айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Бұл неке қиятын сарайды жеке кәсіпкер "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тұрғызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1751439-nazarbaev-karagandydagy-zas-zbajlardy-kttyktauga-bardy/

pixel