Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаева: Фонограммамен ән айтсам, жерге кіріп кетейін

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Роза Рымбаева өзінің тек қана жанды дауыста ән айтатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол "Собеседник" басылымына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: qasym.kz
Фото: qasym.kz: UGC

Ешқашан фонограммаға жүгінбегенін айтқан әнші гастролдік сапарда басынан өткен оқиғасы туралы айтып берді.

Рымбаеваның сөзінше, оның ойда жоқта аллергиясы басталып, мұрны да бітеліп қалған екен.

Осы кезде дәрігерге қаралып келген әншіге фонограммен шығу туралы ұсыныс жасалыпты. Алайда Роза бұл әрекетке бара алмайтынын жеткізіпті.

"Мен фонограмммамен ән айтсам, жерге кіріп кетейін. Бірақ бізде мұны шебер жасайтын орындаушылар бар. Мен олардың қатарына жатпаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751078-roza-rymbaeva-fonogrammamen-n-ajtsam-zerge-kirip-ketejin/

pixel