Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнгі студиядағы" танымал блогерді кім үшін алып тастағаны белгілі болды (фото)

Опубликовано:

"Түнгі студияның" екінші жүргізушісі болып кім тағайындалғаны белгілі болды. Енді танымал бағдарламаның тізгінін актер Қайрат Әділгереймен бірге тележүргізуші Диана Қырықбай ұстайтын болды деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ.
Коллаж: NUR.KZ.: UGC

Жаңадан келетін жүргізушінің кім екенін жасырған бағдарлама өкілдері желіде шу тудырған болатын. Көпшілік өзінің жұмыс орнынан не себепті айырылып қалғанын түсіне алмаған белгілі блогер Элвира Ерғалинаның орнына Аша Матай келеді деп болжады.

Отандық әншінің фотосын желідегі ресми парақшаға жүктеп қойған бағдарлама өкілдері онсыз да өршіп тұрған оқиғаға отқа май құйғандай болды.

Алайда, жаңа мауысымы басталған "Түнгі студияның" жаңа тележүргізушісінің кім екені енді анықталды. Бағдарламаны "бұрышта" тұрып Диана Қырықбай жүргізетін болды.

Айта кетейік, отандық тележүргізуші бұған дейін "Хабар" арнасында қызмет еткен.

Диана Қырықбай бұл бағдарламаның жүргізушісіне арналған кастингтен өту оңай болмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751046-tngi-studiadagy-tanymal-blogerdi-kim-sin-alyp-tastagany-belgili-boldy-foto/

pixel