Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қыркүйекте тарту етілген гүлдер жаппай қоқысқа тасталып жатыр

Опубликовано:

1-қыркүйек күні ұстаздарға сыйланған гүлдердің қоқыста жатқан суреті әлеуметтік желіге тарап кетті. Оқырмандар ысырап болған қаражатты айтып, ашу шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Kyn.kz
Фото: Kyn.kz: UGC

Білім күні ұстаздарына гүл сыйлауға асығатын оқушылар, ата-анасының қалтасына қосымша "салмақ" түсіреді.

Осы жайтты ескерген әлеуметтік желі қолданушылары, гүлді лақтырған ұстаздар қауымына өз өкпелерін жеткізді.

"Гүл берген жақсы. Бірақ мына суретті көріп, жүрегім ауырып кетті", "Ақшамызды қоқысқа шашып жатырмыз", "Масқара, Сонша қаражатқа алғасын, жаның ашиды екен", "Гүлдің орнына неге пайдалы дүние бермеске" деп шулады ата-аналар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750868-1-kyrkjekte-tartu-etilgen-glder-zappaj-kokyska-tastalyp-zatyr/

pixel