Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынас адам өмірін ұзартатын болып шықты

Опубликовано:

Төсек қатынасының адам денсаулығына оң әсерін беретіні анық. Ал адамдардың интимдік әрекеті өмірді ұзартатыны рас па? Бұл сұраққа woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: lifestyle.kompas.com
Көрнекі фото: lifestyle.kompas.com: UGC

1. Жыныстық қатынас әйелдерді жасартады

Бұл мәлімдемені 129 әйелді зерттеген биолог ғалымдар айтқан.

Олардың сөзінше, төсек қатынасына жиі түсетін әйелдердің денсаулығы интимдік әрекетке көп бармайтын аруларға қарағанда әлдеқайда жақсы болып шығыпты.

2. Интимді қатынас ағзаны бұзады

2017 жылы 10 жыл зерттеу жүргізген ғалымдар осындай мәлімдеме жасады. Олар 35-45 жастағы адамдарды зерттеген екен.

Нәтижесінде, психологтар 41 жастан кейін төсек қатынасын бас тартқан адамдар өмірін 7-10 жылға ұзартатынын жеткізді.

Одан бөлек, бұл жастан асқанда интимдік әрекетке түскен адамдардың ұрпағына кері әсер тиюі мүмкін.

3. Төсек қатынасы еркектердің қан айналымын жақсартады

Бұл туралы Жаңа Зеландиядағы университет ғалымдары айтқан. Олар бір жыл бойы 40-50 жастағы ер азаматтардың қанын тексеріп, соңында осы шешімге келген екен.

Олар жыныстық қатынасқа жиі түсетін азаматтардың қан құрамы жақсарып, холестерин көлемі азаятынын, одан бөлек гемоглобині артатынын анықтапты.

Ал интимдік әрекетке аз түсетін еркектер бас ауруы мен қан қысымынан қиындық көретін болып шыққан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750782-zynystyk-katynas-adam-mirin-zartatyn-bolyp-sykty/

pixel