Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік белгілі әнші салмағы 120 келі оққағар әйел жалдаған (фото)

Опубликовано:

Хадиша Сеитова есімді шымкенттік белгілі әнші қазір елді тек өнерімен емес, жанындағы оққағарымен де таң қалдырып жүр. Себебі оның қорғаушысы - қалталы азаматтардың жанұясын күзетіп келген 40 жастағы әйел адам. Бұл туралы Kyn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шымкенттік танымал әнші
Хадиша Сеитова оққағары және Ринат Тәттібаймен. Фото: kyn.kz: UGC

Хадишаның қасында таңнан кешке дейін жүретін оққағары бұған дейін спортпен айналысқан көрінеді. Әншінің айтуынша, оның салмағы 120 келі шамасында.

"Ол кісіні мен өз қауіпсіздігім үшін жалдадым. Әншіге көз қырын салып, күлімдеп қарайтындар көп.

Бірақ, бірде мені ер адам тойда күштеп сүйреп алып кетпекші болды. Содан бастап тойға шығуға, тіпті көшеде жүруге қорқып қалдым.

Содан оққағардың көмегіне жүгінуіме тура келді. Есесіне қазір ол кісі әйел адам. Мені адам ретінде түсінеді, маман ретінде қорғайды",- дейді әнші KYN.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, Хадиша Сеитова - өңірге танымал, тойға сұраныстағы әншілердің бірі. Бірақ ол қорғаушы әйелге қанша ақша төлейтінін құпия сақтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750723-symkenttik-belgili-nsi-salmagy-120-keli-okkagar-jel-zaldagan-foto/

pixel